Қамауға алынған Тоқтар Төлешевтің зауыты өз қызметкерлеріне 17 млн. теңге қарыз - Б.Атамқұлов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қамауға алынған ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешевтің «Шымкент сыра» зауыты өзінің қызметкерлеріне 17 миллион теңге жалақы төлемеген.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

«Бұл оқиға біздің облыс үшін атышулы болғаны рас, бірақ республика деңгейінде емес. Оның ісі жайлы сұрақтар негізінен құқық қорғаушылардң құзырында. Зауыттағы жалақыға келетін болсақ, «Шымкент сыра» кәсіпорны жабылған жоқ, ол істеп тұр. Былтыр желтоқсанда ол қызметкерлеріне 27 млн. теңге қарыз болатын. Оның 10 миллионы өтелді. Енді 17 миллион теңге берешегі қалды. Бірақ бұл маусымдық мәселе дер едім, қыс мезгілінде тауарлар аз сатып алынады, тиісінше пайда мен кірісі азаяды, бірақ жұмыскерлер саны азайып отырған жоқ. Сондықтан осы мәселе біздің еңбек инспекциясының бақылауында тұр», - деп атап өтті облыс әкімі.

Еске сала кетейік, 2016 жылы 1 ақпан күні Астана қаласы №2 алматы аудандық соты Тоқтар Төлешевті қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол есірткі сақтады және қылмыстық топты қаржыландырып келді деп айыпталуда.

Соңғы жаңалықтар