20:15, 07 Шілде 2017 | GMT +5
КамАЗ-дан құлаған құбырлар жолдағы қызды жарақаттады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жылу желісінің құбырларын тасымалдап бара жатқан КамАЗ жүк көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізуші бұрылысқа келгенде рөлден айырылып қалып, құбырлар аударылған тіркемеден сырғып түскен.
Сол кезде диаметрі шамамен 60 см болатын темір құбырлар дөңгелеп барып жолдан өтіп бара жатқан қызды жарақаттаған.
«Құбырлар дөңгелеп барып қызды соғып кетті. Оның жағдайы туралы білмеймін», - деді КамАЗ жүргізушісі.
Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, бойжеткенді жедел жәрдем алып кеткен.
Қазір жол полициясы жол апатын мән-жайын анықтап жатыр.