КамАЗ соққан велосипедшінің жағдайы белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда дәрігерлер КамАЗ соққан велосипедшінің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

КамАЗ соққан велосипедшінің жағдайы белгілі болды

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, пациентті Жандосов пен Жароков қиылысында жүк көлігі қағып кеткен.

Жарақат алған жігіт орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Ауруханада оған УЗД, КТ, рентген жасалды.

Хирург, уролог, терапевт, офтальмолог, нейрохирург дәрігерлер қарап шықты.

«Жол апатының кесірінен пациент қосарланған жарақат алған. Миы шайқалған. Бас сүйегі жараланған. Мұрын сүйектері сынып кеткен. Денесінде сырылған жарақат көп. Қабағы жыртылған. Қазір ол аурухананың травматология бөлімінде жатыр», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, жол апаты бүгін Жандосов-Жароков көшелерінің қиылысында болған.