Камбоджа мен Таиланд атысты дереу тоқтатуға келісті

АСТАНА.KAZINFORM — Камбоджа мен Таиландтың қорғаныс министрлері атысты тоқтату туралы келісімге қол қойылғанын жариялады, деп хабарлайды BBC

Камбоджа мен Таиланд атысты дереу тоқтатуға келісті
Коллаж: Kazinform/ Freepik

Басылым мәліметінше, құжат жергілікті уақыт бойынша түскі сағат 12-де күшіне енді.

Келісім шарттарына сәйкес, тай және камбоджа әскерлері одан әрі алға жылжымастан қазіргі позицияларында қалады. Қақтығыстардан зардап шеккен шекаралас аймақтардың тұрғындарына мүмкіндігінше тезірек үйлеріне оралуға рұқсат етіледі.

Министрлердің мәлімдемесінде «екі тарап та себепсіз атыстан, алға жылжудан немесе әскерлердің екінші тараптың позициясына қарай жылжуына жол бермеу керек» екендігі атап өтілді.

Бұл шаралар шиеленісті азайтудың негізгі қадамы болып саналады, делінген мәлімдемеде.

Таиланд сонымен қатар атысты тоқтату 72 сағат бойы сақталса, ұстап тұрған 18 камбоджа әскерін қайтаруға уәде берді.

Үш аптаға созылған қақтығыста кем дегенде 41 адам қаза тауып, екі жақтан да миллионнан астам бейбіт тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Бұған дейін Тайланд пен Камбоджа 24 желтоқсанда атысты тоқтату туралы келіссөз жүргізетіні хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар