Ресей Камчаткасында 4,8 балдық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Ресейдің Камчаткасында ғалымдар магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісін тіркеді. Петропавл-Камчатский қаласының тұрғындары әлсіз жерасты дүмпуін сезген, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Түркияның Адана провинциясында 4,9 магнитудалы жер сілкінісі болды
Фото: Анадолы

Мекеме өкілдерінің айтуынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 болған, ал эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 81 шақырым қашықтықта орналасқан.

Тұрғындар әлсіз жерасты дүмпуін сезген. Ал оның күші нақтыланып жатыр.

Бұған дейін Жапония жағалауында 5,7 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын.