Камчаткада 5,4 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Жер сілкінісінің эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 324 шақырым қашықтықта орналасқан, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Камчаткада магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 324 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей Ғылым академиясы Геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы хабарлаған.
Мекеме мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,4-ке жеткен. Эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 324 шақырым жерде, ошағы 30 шақырым тереңдікте орналасқан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жапония жағалауында 5,7 балдық жер сілкінісі болған еді.