Камчаткада 6,9 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM — 16 қазанда Камчатка түбегінде магнитудасы 6,9 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы.
ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 08:35–те (Гринвич уақытымен 03:35–те) болған.
Оның эпицентрі солтүстік ендіктің 52,05 градусы мен шығыс бойлықтың 153,27 градусының қиылысында орналасқан.
Сондай-ақ жер сілкінісінің ошағы 130 шақырым тереңдікте тіркелген.
Бұған дейін Папуа-Жаңа Гвинея жағалауында 5,7 болатын жер сілкінісі тіркелгені хабарланған еді.