Камчаткада атқылаған жанартаудың күлі 10 шақырым биікке көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM – Камчаткада Карым жанартауының күлі 10 шақырым биіктікке көтерілді, деп жазады ТАСС.

На Камчатке вулкан выбросил пепел на высоту 10 км
Фото: И. Бондаренко / @IViS_DVO_RAN

30 тамыз күні Камчаткада атқылаған Карым жанартауының күлі 10 шақырым биіктікке көтерілді. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Қиыр Шығыс бөлімшесі Вулканология және сейсмология институтының Telegram-каналы да хабарлады.

— Жарылыс салдарынан Карым жанартауының күлі теңіз деңгейінен 10 шақырым биіктікке көтерілді. Күл шоғыры жанартаудан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырымға созылған, делінген хабарламада.

Авиация үшін қауіпті қызыл түс коды белгіленді. Жанартау белсенділігі жергілікті және халықаралық әуе қатынасына қауіп төндіреді.

Жанартау Камчатканың шығыс жанартау аймағының орталық бөлігінде, Петропавл-Камчатскийден 115 шақырым жерде орналасқан.

Соңғы жаңалықтар