Камчаткада ұшақ апатынан қаза тапқандардың денеcін судан шығара бастады

КАМЧАТКА. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде құтқарушылар Камчаткада Ан-26 ұшағының құлауынан қаза болғандардың денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Камчаткада ұшақ апатынан қаза тапқандардың денеcін судан шығара бастады

«Мәйіттер судан шығарылуда, дәл қазіргі уақытта. Олардың саны бойынша жағдай уақыт сайын өзгеріп жатыр», - деді аймақ басшысы Владимир Солодов.

Солодов оқиға орнында сот-медициналық сарапшылар жұмыс істеп жатқандығын қосып өтті. «Олар шешімдерді процедураларға байланысты қабылдайды. Ауа райы мүмкіндік тудырса, оқиға орнына Петропавлдан Тергеу комитеті тергеу басқармасының сот-медициналық сараптамасы ұшып шығады», - деді Солодов.

Өлкенің үкіметтік комиссиясы апат болған жерге Мәскеу комиссиясы өкілдері Петропавл-Камчатскийге келген кезде ұшып шығады. Мүрделерді тасымалдау бойынша жұмысты толық көлемде ұйымдастырамыз: қажеттілік туындаса, мүрделерді Петропавл немесе Паланаға жеткізу қолға алынады», - деді Солодов.

Еске сала кетейік, 6 шілдеде Ресейдің Камчатка өңірінде 28 адам мінген ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылар түгел қаза тапты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.