Камчаткада жоғалған Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. KAZINFORM – Камчаткада бір күн бұрын жоғалып кеткен Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Құтқарушылар оның сынықтарын әуеден тапқан. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады
Фото: Сергей Бобылев/ ТАСС, архив

«Жоғалған тікұшақтың қалдықтары әуеден табылды. Ол 900 м биіктікте, соңғы рет байланысқа шыққан жеріне жақын орналасқан», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай, кеше Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті. Әуе көлігі федералды агенттігінің мәліметі бойынша, бортта барлығы 22 адам: 3 экипаж мүшесі және 19 жолаушы болған.

Соңғы жаңалықтар