Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылықпен күрестің жаңа стратегиясы қажет - С. Ақылбай

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитеті Шымкент қаласында «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу және құқық бұзушылықтар профилактикасы» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өткізді. Шараға палата комитетінің мүшелері, ішкі істер, әділет, білім беру министрліктерінің, Бас прокуратураның, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
None
None

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауында қоғамда құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру қажеттілігін атап өткен болатын. Осыған орай, отырыста сөйлеген сөзінде Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай: «Бүгінгі таңда құқық бұзушылықтар профилактикасының әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың жаңа үлгісіне интеграцияланған мемлекеттік салааралық бағдарламасын әзірлеуді көздейтін қылмыстылықпен күрестің жаңа стратегиясы қажет», - деп атап өтті.

Бұл ретте сенатор Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, тиімді ұлттық заңнама қалыптастыру жөніндегі басым міндеттерге сүйене отырып, Бас прокуратура мемлекеттік органдардың құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі қызметін үйлестіру бойынша жетекші орынға шығуы тиіс екені туралы ойларын ортаға салды.

Еске салсақ, комитеттің көшпелі отырысы аясында сенаторлар Шымкенттегі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында болды.

Соңғы жаңалықтар