Камиль Ақатов «Ғылым қорының» басқарма төрағасы болып тағайындалды

Камиль Ерғалиұлы Ақатов Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinfrorm.

камиль ақатов
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Wollongong университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін, Астана IT университетін бітірген.

2015-2016 жылдары — «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ жоба бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2016-2022 жылдары — «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ бас менеджері, аға менеджері, бөлім бастығы, департамент директоры.

2022 жылдың қаңтардан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін — «Qazinnovations» Инновациялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы.

2022-2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі. 

Соңғы жаңалықтар