23:07, 17 Қаңтар 2015 | GMT +5
«Қамқорлық» акциясы аясында Астанадағы жеті мектептің оқушыларына көмек көрсетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қамқорлық» акциясының аясында елордалық оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Республикалық шара аясында Астанадағы №5, 8, 10, 15, 19, 20, 21 мектептердің 50 оқушысына қыстық киім, аяқ киім және жылы бас киімдер сыйға тартылды. Қайырымдылық көмек Астана қалалық Білім басқармасы мен «KZ» қоғамдық қоры тарапынан көрсетілді.
Еске сала кетейік, «Қамқорлық» акциясы Астанада 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізіледі. Акцияның мақсаты - тұрмысы төмен отбасылардан, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға, жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және басқа да көмекке зәру балаларға әлеуметтік көмек көрсету.