Қамшы Көлбаевтың көліктері аукционда сатылады

Қырғыз Республикасының мемлекет мүлкін басқару агенттігі қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевқа тиесілі болған алты автокөлік электрондық аукцион арқылы сатылатынын мәлім етті. Kazinform бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қамшы Көлбаевтың көліктері аукционда сатылады
Фото: pixabay.com

Олардың сөзінше, марқұм қылмыскердің отбасы көліктерді өз еркімен мемлекет меншігіне берген.

Осылайша, сатылатын мүліктің қазіргі иесі – ҚР министрлер кабинеті.

Автокөліктер туралы ақпарат:

- MERCEDEC-BENZ S600, 2017 жылы шыққан. Бастапқы бағасы – 25 млн 500 мың сом;

- BMW ALPINA XB7, 2021 жылы шыққан. Бастапқы бағасы - 18 млн сом;

- MERCEDEC-BENZ G500, 2013 жылы шыққан. Бастапқы бағасы - 5 млн 400 мың сом;

- HYUNDAI GENESIS, 2019 жылы шыққан. Бастапқы бағасы - 2 млн 800 мың сом;

- TOYOTA LAND CRUISER PRADO, 2005 жылы шыққан. Бастапқы бағасы – 1 млн 250 мың сом;

- KIA RIO X-LINE, 2019 жылы шыққан. Бастапқы бағасы - 1 млн 150 мың сом.

Аукцион өтетін орын – auctionetp.gov.kg электрондық сауда алаңы.

Өтініштер 20 қараша 10.00-де басталып, 11 желтоқсан күні 10.00-де аяқталады.

Бұған дейін Қырғызстанда атышулы қылмыстық авторитет Қамшы Көлбаевты (Қамшыбек Асанбек) ұстауға бағытталған арнайы операция жүргізіліп, атыс кезінде ол қарсылық көрсетіп, ҰҚК арнайы жасағының күшімен көзі жойылғанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ Қырғызстанда қылмыстық іс аясында жүргізілген жедел-іздестіру шарасының барысында Көлбаевқа тиесілі болған, құны 500 мың АҚШ доллары болатын асылтұқымды жылқылар тәркіленді.

Мемлекеттік кеден қызметінің 50-ге жуық қызметкері марқұм болған қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Көлбаевпен тығыз байланыста болғаны үшін жұмыстан шығарылды.

Қамшы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобы Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковқа сыйлаған люкс санатындағы бронды автокөлік те тәркіленгенін еске сала кетейік.

Соңғы жаңалықтар