00:29, 02 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қамшыбек Қоңқабаев бокстан ӘЧ-ның финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гамбургте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында 91 келіден жоғары салмақта шаршы алаңға шыққан қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев камерундық Фоку Арсенді жеңіп, финалға өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тактикалық тұрғыдан айқасты белсенді бастаған Қамшыбек Фоку Арсенді есеңгіретіп тастады. Екінші раундта да отандасымыз ауыр соққысымен қарсыласын тізерлетіп жіберді. Үшінші раундта алға ұмтылып, қорғанысын ұмытқан камерундықты ногдаунға түсірді.
Үш раундтық кездесу бойынша төрешілер бір ауыздан жеңісті Қамшыбекке берді.
Еске сала кетсек, Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық үш боксшы қола медальді қанағат тұтса, екі саңлағымыз финалға жолдама алып отыр.