Қамшыбек Қоңқабаев рейтингтегі көрсеткішін жақсартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісінен кейін BoxRec рейтингінде жағдайын жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қамшыбек Қоңқабаев рейтингтегі көрсеткішін жақсартты

Ол жақында Алматы қаласында MTK Kazakhstan ұйымдастыруымен өткен бокс кешінде өзбекстандық Фаррух Джураевтан (6-6-1, 2 КО) басым түскен еді.

Аталған жекпе-жекте Қамшыбек қарсыласын екінші раундта сүріндірді.

Аталған жеңістен кейін ол BoxRec рейтингінде бірінші ауыр салмақта екі сатыға жоғарылады.

Нәтижесінде 53-орыннан 51-орынға көтерілді.

Айта кетсек, алғашқыда Қамшыбек Қоңқабаев оңтүстікафрикалық Джонни Миллермен (23-9-2, 14 КО) жұдырықтасады деп жоспарланған еді.

Қарсыласы алған жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін айқасының қашан өтетіні анықталды.