Канада, Аустралия және Ұлыбритания Палестинаны мемлекет ретінде мойындады

АСТАНА. KAZINFORM – Канада, Аустралия және Ұлыбритания Палестина мемлекетін мойындайтынын жариялады. Канада Палестинаны ресми түрде мойындаған G7 елдерінің біріншісі болды, деп хабарлайды Kazinform ВВС-ге сілтеме жасап.

Канада, Аустралия және Ұлыбритания Палестинаны мемлекет ретінде мойындады
Фото: BBC

Бірнеше батыс елдері – Франция, Ұлыбритания, Португалия, Канада, Аустралия, Бельгия – дүйсенбіде ашылатын БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясында Палестина мемлекетін мойындайтындарын жазда жариялады. 

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі бұл қадамға қарсы, Израиль де оны сынады. 

– Бүгін палестиналықтар мен израильдіктер үшін бейбітшілік пен екі мемлекетті шешімге деген үмітті қалпына келтіру үшін Біріккен Корольдік Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады, - деді Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер. 

Премьер-министр Марк Карни бүгіннен бастап «Канада Палестина мемлекетін мойындайды» деп мәлімдеді. 

– Канада Палестина мемлекетін мойындайды және Палестина мемлекеті мен Израиль мемлекеті үшін бейбіт болашақты құрудағы серіктестігін ұсынады, - деп жазды X желісіндегі парақшасында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін британиялықтардың 90 пайызы Лондонның Палестинаны мойындау туралы бастамасын қолдамайтынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар