Канада шеруге шыққандарды қолдап шетелден қаражат аударған банк шоттарын бұғаттады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Канада полициясы Оттаваның орталығындағы көшелерді үш апта бойы жауып тастаған көлік жүргізушілерін шеруін тарата бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сайтына сілтеме жасап.
Канадалық полицейлер «тазарту» операциясы жұма күні таңертең басталды. Бұған дейін Канада үкіметі наразылыққа шыққандарды күшпен таратуға мүмкіндік беретін Төтенше жағдайлар туралы заң қабылдады.
Операция кезінде 100 адам қамауға алынды. Қарсылық көрсеткен кейбір наразыларды полицейлер қолын байлап, әкетуге мәжбүр болған.
Сонымен қатар Канаданың Онтарио провинциясының Жоғарғы соты түрлі елдерден наразыларды қолдау үшін жіберген миллиондаған долларды, соның ішінде криптовалюта және түрлі банк шоттарын бұғаттау туралы шешім қабылданды.

Шоттарды бұғаттау Оттава тұрғындары мен бизнесмендердің талап-арызы негізінде қабылданған. Адвокат Пол Чампдің сөзіне қарағанда, мұндай шара канадалық сот ісі тарихындағы алғашқы шешім болған.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының соңында канадалық жүк көлігін жүргізушілер АҚШ-қа қатынау үшін міндетті вакцинация паспорттарын енгізуге наразылық білдірген болатын. Артынша бұл акция коронавирусқа қарсы шаралар мен Джастин Трюдо үкіметінің саясатына қарсы жалпы наразылыққа айналды. Кейін қарсылық шеруі Еуропа елдерінде жалғасты.
