Канадада орман өрті өршіп, мыңдаған адам эвакуацияланды

ОТТАВА. ҚазАқпарат – Канада елінің Альберта провинциясында орман өрті өршіп тұр. Жалын 120 гектардан астам аумақта орман мен ондаған үйді шарпыған. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: HO/AP

Альберта провинциясының 30 мыңға жуық тұрғыны орман өрті кесірінен үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, мұнда 110-нан астам өрт ошағы анықталды. Олардың үштен бірі әлі бақылауға алынбаған. Мыңдаған гектар егіндік жер өртке оранды.

От бірнеше күн бұрын тұтанған. Орманның 122 га аумағын шарпыды. 6 мамырда провинцияда төтенше жағдай жарияланды.

Провинция премьер-министрі Дэниель Смит зардап шеккен кейбір аудандарды аралап, эвакуацияланған тұрғындармен кездесті. Смит төтенше жағдайлар қызметі бұл өрттерді тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр деп сендірді.


Соңғы жаңалықтар
Референдум