15:06, 29 Тамыз 2017 | GMT +5
Канадада рекордтық деңгейдегі кокаин партиясы тәркіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канада полициясы құны 250 млн доллар болатын, салмағы 1062 кг тартатын рекордтық деңгейдегі кокаин тәркіледі, деп хабарлайды CBC телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, жалпы құны 250 млн долларды құрайтын есірткі Аргентинадан әкелінген.
Заңсыз жүк Монреал портында ұсталған. Тасымалдаушылар кокаинді канадалық Онтарио провиницясында саудалауды жоспарлаған.
Полиция қызметкерлері үш күдікті азаматты ұстады.
Net тілшісінің хабарлауынша, шілде айының аяғында Канаданың Альберта провинциясында құны 4 млн доллардан асатын фентанил есірткісінің партиясы тәркіленген.
Бұған дейін Тынық мұхитындағы Мексика жағалауы жанында су өткізбейтін теңдермен тасымалданған 1,2 тонна кокаин ұсталды.