Канадада ұшақ қону кезінде аударылып қалды: зардап шеккендер бар
АСТАНА. KAZINFORM – Торонто қаласында АҚШ-тан келген ұшақ апатқа ұшырады, қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды BBC.

Канаданың Торонто әуежайында дүйсенбіде Миннеаполис қаласынан ұшып келген Delta Air Lines авиакомпаниясының Bombardier ұшағы қону кезінде аударылып қалды.
Зардап шеккендер бар, бірақ қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.
Оқиға орнынан түсірілген фото мен видеоларда ұшақтың ұшу-қону жолағында аударылып жатқанын және өрт сөндірушілер ұшақты көбікпен сөндіріп жатқанын байқауға болады, бірақ лапылдаған жалын көрінбейді.
Жергілікті баспасөздің мәліметінше, апат салдарынан бір бала мен екі ересек жолаушының жағдайы ауыр, олар әртүрлі ауруханаларға жеткізілген.
Алдын ала деректер бойынша, ұшақта 80 жолаушы болған, қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.
Nedir bu ABD nin uçaklardan cekdigi?
— Nigar Ogeday🇹🇷🇦🇿🇹🇲🇰🇬🇰🇿🇺🇿🇵🇰🇭🇺 (@ogeday_nigar) February 17, 2025
Amerikan Delta Hava Yolları'na ait bir uçak, Toronto havaalanında iniş sırasında devrildi.
Minneapolis'ten kente gelen Bombardier CRJ 900 tipi uçak, iniş yaklaşması sırasında kaza yaptı. Havaalanı kapatıldı. İlk bilgilere göre, sekiz kişi… pic.twitter.com/6B3dExLVXs
Еске салсақ Филадельфиядағы ұшақ апатынан 7 адам қаза болғаны туралы жазған едік.