Канадада веломарафон қатысушыларына белгісіз біреу оқ жаудырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Британдық Колумбия провинциясында белгісіз біреу жыл сайын өтетін «Cache Creek 600» веломарафонының қатысушыларына оқ атты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

Салдарынан 59 жастағы ер адам жарақат алып, ауыр халде ауруханаға жатқызылды. «Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаны көзімен көргендер қылмыскердің оқ атқаннан кейін бірден белгісіз бағытта ізін жасырғанын айтады», - деп мәлім етті аймақтық полиция өкілі Крис Кларк. Басқа ақпарат беруден полиция қызметкері бас тартты. Айта кетейік, дәстүрлі «Cache Creek 600» веломарафоны сенбі күні Питт Медоус қаласында басталды. Оның қатысушылары Кэш-Крик елді мекеніне дейін барып, 600 шақырым қашықтықты екі күн ішінде бағындырып, мәре басталған жерге қайтып келулері тиіс болатын.

Соңғы жаңалықтар