Канадада жеңіл моторлы ұшақ құлап, ұшқышы қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Манитоба провинциясында шағын ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Росбалт.
Beechcraft Musketeer маркалы төрт орындық ұшақтың бортында ұшқыш қана болған.
Ұшақ Сент-Эндрюс шағын қалашығының әуежайынан ұшып шығысымен, Виннипегтен солтүстікке қарай 15 шақырым қашықтықта ауыл арасындағы жолға құлады. Әуе апатының себептері мен қаза тапқан азаматтың тұлғасы анықталып жатыр.
Ұшақ көршілес Онтарио провинциясына бағыт алған. Оқиға жайлы басқадай мәліметтер әзірге тіркелген жоқ.