Канадалық ақын Энн Карсон әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын алды
АСТАНА. KAZINFORM — Канадалық ақын әрі жазушы Энн Карсон 2026 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты атанды.
Шешім Стокгольмде жарияланды. Нобель комитеті Энн Карсонның шығармашылығын батылдығы мен жаңашылдығы, сондай-ақ классикалық әдеби дәстүрмен үндесе отырып, жаңа әдеби формалар қалыптастырғаны үшін жоғары бағалаған.
76 жастағы Энн Карсонның жарық көрген 20-ға жуық кітабы бар. Оның шығармашылығы бұған дейін де әдебиет сыншылары тарапынан жоғары бағаланып келген.
BREAKING NEWS The 2026 #NobelPrize in Literature is awarded to the Canadian author Anne Carson, “for her bold and inventive oeuvre that, in playful dialogue with the classical tradition, has created new forms for contemporary literature.” https://t.co/YRvlRghlGG
— The Nobel Prize (@NobelPrize) October 8, 2026
Жазушының марапаттары қатарында Пушкарт, Гриффин, Т. С. Элиот және Астурия ханшайымы сыйлықтары, сондай-ақ Канада ордені бар.
Биыл Нобель сыйлығының өзге де лауреаттары анықталды. Химия саласындағы сыйлық Анри Каган мен Кенсо Соаиге, физика саласындағы сыйлық Фрэнсис Хальценге, ал медицина саласындағы жүлде Карл Дейссерот, Петер Хегеман және Георг Нагельге берілді.
2026 жылғы физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы ғалымдар Карл Дейссерот, Петер Хегеман және Георг Нагельге «жарық арқылы басқарылатын иондық арналар мен оптогенетикаға қатысты жаңалықтары үшін» берілді. Лауреаттардың есімдері 5 қазанда, дүйсенбі күні Стокгольмде жарияланды.