Канадалық қорғаушы Джейк Масси «Барыс» сапына қосылды
АСТАНА. KAZINFORM — Канадалық қорғаушы Джейк Масси алдағы маусымда «Барыс» хоккей клубы сапында ойын көрсетеді.

Біржақты келісімшарт 2026 жылғы 31 мамырға дейін күшінде болады.
Джейк Массиді 2015 жылы «Каролина Харрикейнз» драфтта таңдаған. Алайда оның ең сәтті маусымы «Вашингтон Кэпиталз» клубының жүйесінде өтті. «Херши Беарс» сапында ол екі мәрте Колдер Кубогын жеңіп алды. Өткен маусымда Джейк АХЛ-дегі 23 матчта 2 шайба соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық клубпен АҚШ хоккейшісі Иэн Маккош, ресейлік Юрий Паутов, Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кириллом Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко келісімшартқа қол қойды.
Биыл «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында сәтсіз ойын көрсетті. Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.
Жаңа маусымға оқу-жаттығу жиынының негізгі бөлігі Астана қаласында өтіп жатыр. Алдымен медициналық комиссия тексеруінен кейін екіжақты келісімшартқа қол қойған хоккейшілер 15 шілдеден бастап дайындыққа кірісті.
Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда алғашқы үш ойынды елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.