Канадалық ғалым шеберлік-сыныбын өткізді

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өңір кәсіпкерлері канадалық «Интернешнл Генетикс Лтд.» (International Genetics Ltd.) компаниясының директоры Уильям Янгпен кездесті.
None
None

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Кездесу барысында канадалық ғалым кәсіпкерлерге «Асыл тұқымды ірі-қара мал сатып алу мен өсіру, ет-сүт өнімдерін өңдеу» тақырыбында семинар шеберлік-сыныбын өткізді. Тоқтала кететін жайт, «Интернешнл Генетикс Лтд» компаниясы асыл тұқымды ірі-қара малды Ресей, Қазақстан, Азия мен Еуропа елдеріне, Мексикаға, Орталық және Оңтүстік Америкаға экспорттаумен айналысады. Кездесуде сондай-ақ, даму институттарының қатысуымен асыл тұқымды малды сатып алу мен қаржыландыру мәселелері қарастырылды. Канадалық ірі қара мал жалпы сапасы мен саулығы, төзімділігі мығым болатындығымен танымал.

Соңғы жаңалықтар