Канадалық ғалымдар сұлу беттің теңе-теңдігін есептеп шығарды

деп хабарлайды ҚазАқпарат The Daily Telegraph сайтына сілтеме жасап.
Көпеген сынаққа қатысушылар фотосуреттердегі түзетілген беттерінің сұлулығына еш шүбә келтірмейді - шынында да бұл өлшемдерде белгілі бір ара-қатынастар сақталған. Бір қарашықтан екінші қарашыққа дейінгі ұзындық бөлігі бір құлақтан екінші құлаққа дейінгі бет жалпақтығының - 46-дан 50-ге дейінгі пайызын, ал ерін мен көздердің арасындағы қашықтық шаш түбінің сызығы мен иек арасындағы қашықтықтың 33-тен 36-ға дейінгі пайызын құрауы тиіс.
Зерттеушілер қарапайым әйелдердің басым бөлігінің беттері осы өлшемдерге сәйкес келетінін атайды. Есептелген стандарттарға көптеген атақты әйелдердің, мысалы, Джессика Альба және Элизабет Херлидің беттері сәйкес келеді.
Солай болғанымен, Анжелина Джолидің беті мұндай сипаттамаға үйлеспейді - бұл оның жыл сайын ең тартымды әйелдер рейтингіне енуіне кедергі келтіріп отырған жоқ. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, жоғарыда көрсетілген тепе-теңдікті шашты сәндеу арқылы-ақ оп-оңай өзгертуге болатын көрінеді.