Канаданың солтүстігінде жойқын жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Нунавут жағалауында магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды АҚШ Геологиялық қызметі.

Канаданың солтүстігінде жойқын жер сілкінісі болды

Хабарламаға сәйкес, зілзала ошағы 18,9 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұған дейін, Фиджи архипелагы аумағында 4 қаңтар күні жергілікті уақытпен 10:52-де тербелісі 7,2 жер сілкінген еді. Зілзала ошағы Фиджи астанасы Сува қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 282 шақырым жерде, 15 шақырым тереңдікте болған.