Қанат Бозымбаев табиғи апаттардан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру жүйесін әзірлеу барысын тексерді

АСТАНА. KAZINFORM - Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев табиғи апаттар тәуекелдерін басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Разработку системы обязательного страхования жилищ от стихийных бедствий проверил Канат Бозумбаев
Фото: ҚР Үкіметі

Биылғы жылдың мамыр айында табиғи апаттардан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыруды енгізу жөніндегі Жол картасы бекітілді. Жол картасына сәйкес атқарылған жұмыстар туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Қаржы министрлігі, Цифрлық даму министрлігі есеп берді.

Бүгінгі күні табиғи апаттардан тұрғын үйді міндетті сақтандыру туралы Заң жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдардың қарауына жолданды. Заң жобасында мемлекеттік сақтандыру ұйымын құру, табиғи апаттар қаупі жоғары өңірлердің тізімін бекіту, сақтанушылардың міндетті жарналарын жинау тәртібі, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі және т.б. көзделген.

Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи апаттарға ұшырау қаупі бар аумақтарды айқындау және ел өңірлерінің тәуекелге ұшырау деңгейлерін анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар жобаларын әзірледі.

- Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізіліп жатыр, табиғи апаттар кезінде бюджет шығыстарын қаржыландыру үшін шұғыл несие алу шарттары бойынша халықаралық сарапшылармен консультациялар өткізілді, - делінген хабарламада.

Осыған дейін Бозымбаев су саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын атағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар