Қанат Бозымбаев Жаңаөзендегі жұмысшылар мәселесін шешуге қатысты пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Өзенмұнайгаз» компаниясына қарасты Бұрғылау басқармасының ереуілге шыққан жұмысшыларына қатысты жағдайға пікір айтты.

Қанат Бозымбаев
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілер Жаңаөзендегі мұнайшылардың наразылығы жайында сұрақ қойды.

«Бұл мәселе менің құзыретіме жатпайды, бірақ ол жайында хабардармын. Конституцияға сәйкес әр адам өз құқығын қорғауы тиіс. Сондықтан осы жағдайда заңды әрі заңсыз мәселелерді қарау керек. Екіншіден, нақты қандай талаптар қойып отырғанын қарастыру қажет. Бұл тұрғыда осы талаптардың қаншалық әділ екеніне назар аударған жөн. Осы мәселелерге «ҚазМұнайГаз» компаниясы белсенді түрде араласуы тиіс. Оларда тиісті алгоритм бар екенін білемін. Содан кейін келесі деңгейде оны министрлік қарауы керек (Энергетика министрлігі)», - деді Қ.Бозымбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында «ҚазМұнайГаз» «Өзенмұнайгаз» компаниясында қалыптасқан жағдайды түсіндірді.

22 қараша күні «Қазмұнайгаз» компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Өзенмұнайгаз» компаниясына қарасты Бұрғылау басқармасының ереуілге шыққан жұмысшылары қашан толық жұмысқа оралатынын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар