Қанат Бозымбаев бензин бағасының өсу себебін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізде бензин не себепті қымбаттағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

«Себептердің бірі - ол рубльге шаққандағы теңге бағамының өзгерісі, яғни екі апта бұрын орын алған жағдайға байланысты. Импортты бензин сатып алынған кезде, сәйкесінше ресейлік бензинге баға өскен болатын. Жалпы, өткен жылы теңге бағамы рубльге қарағанда 20 пайызға әлсіреді. Осы орайда рубльмен баға айтарлықтай көтерілмейді, алайда теңгеге ауыстырғанда, тұтынушыға қымбаттау түсетіні байқалады. Атап айтқанда, біздің мұнай өңдеуші зауыттар жұмысын істеп жатыр, бұл ретте жоспар бойынша жүріп жатыр. Қажетті көлемді өндіруде. Сондықтан жанар-жағармай тапшылығы жоқ және болмайды да»,-деді министр Үкімет отырысынан кейін.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензинінің бағасы өскен еді.

Соңғы жаңалықтар