Қанат Бозымбаев: Қазақстан мен Куба мұнай-газ саласында ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикасы ұзақ жылдар оқшауланған Куба енді-енді көз ашып келеді. 2008 жылы Рауль Кастро тізгінді өз қолына алғалы АҚШ-пен ымыраға келіп жаңа реформалар бастады. Барак Обаманың Кубаға сапарынан кейін санкциялардың бір бөлігі алынды. Есесіне, 2011 жылдан бастап Гавана экономиканы әртараптандыру мен әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда. Демек арасы алшақ жатқан Қазақстанмен де әріптестіктің көкжиегін кеңейтудің жаңа мүмкіндіктері туып отыр. Біздің астыққа қызығушылығы зор. Бидай тасымалын ұйымдастыру жоспарда бар. Дегенмен ең әлеуетті сала мұнай-газ саналады. Ресми Гавана бұған дейін де қазақ кәсіпкерлерімен бірлесіп тау-кен өндірісі, энергетика мен мұнай-xимия жобаларын жүзеге асыруға дайын екенін айтқан. Бүгін келісім құжат күйінде бекітіліп, екіжақты ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойылды.
None
None

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Кубада қол қойылған меморандум жайлы толығырақ айтып берді, деп жазады 24.kz.

«Бүгін біз Кубаның энергетика және тау-кен өндірісі министрімен өзара ықпалдастық жөніндегі меморандумға қол қойдық. Бұл бірінші кезекте мұнай-газ өндірісіне қатысты. Әсіресе, Қубаны қоршап жатқан кен орындарын айтып отырмын. Тіпті, Қазақстан мұнайын Кубаның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу мүмкіндіктері де қаралуда», - дейді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Мәлім болғандай, Гавана Астанада өтетін EXPO көрмесіне қызығушылық танытып отыр. Қатысатыны жөнінде құжат былтыр қабылданып қойған. Бүгін жұмыс тәртібі бекіді. Жалпы жасыл теxнологиялар саласындағы Латын Америка елдерінің жеткен жетістіктері аз емес. Бізге қажет тәжірибенің озық үлгілері бар бұл өңірде. Оны кубалықтар көрмеге алып келмек ойда.

«Көмір, мұнай-газ жоқтығынан үлкен іздену жұмыстары, ғылыми жұмыстар атқарып жатыр. Кейбір мемлекеттерде қазіргі кезде осындай энергияның үлесі 90%-ға жетті. Кубада ол төмендеу, бірақ үлкен жоспарлар қойып отыр. Асқан қызығушулықпен біздің көрмеге дайындалып жатыр екен», - дейді «Астана EXPO- 2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Аxметжан Есімов. 

Соңғы жаңалықтар