Қанат Ислам Робсон Ассисті нокаутқа жіберді

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) мен бразилиялық Робсон Ассис (16-3-0, 9 КО) арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жекпе-жек небәрі бір раундтқа созылды. Қанат жекпе-жекті қарқынды бастады. Дегенмен Қанат Исламның қабағына жарақат салынды. Бұған қарамаған қазақ боксшысы қарсыласын бұрыштан бұрышқа қуалап жүріп, соққыларын дарытты. Раундтың соңғы секундтары қалғанда, Қанаттың оң қолымен сермеген жұдырығы қарсыласын шалқасынан құлатты. Бұл соққыдан Робсон есеңгіреп, тұра алмады.

Жекпе-жектен кейінгі сұxбатында Қанат Ислам барша қазақ жұртына, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтты.

Боксшылардың кездесуі кіші Рой-Джонстың бокс кешінің аясында өткен болатын. Бұл әлемге «Қазақ» деген атпен танылған Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі 23-ші кездесуі.

Қанат осыған дейін 22 кездесуінде жеңіске жетіп, оның 18-ін нокаутпен аяқтаған. Ал, Робсон кәсіпқой рингте 19 кездесуінің 16-ын жеңіп, 9 жекпе-жегінде қарсыласын мерзімінен бұрын ұтып, үшеуінде жеңіліске ұшыраған.
null   

ФОТО: Берік Сұлтандыкі

Соңғы жаңалықтар