09:30, 22 Қараша 2016 | GMT +6
Қанат Ислам WBO рейтингінде алтыншы орынға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс ұйымы спортшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.
Бірінші орта салмақта (69,9 келіге дейін) шығатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам WBO тізімінде алтыншы орын алып, ТОП-15 қатарына енді.
Ұйым чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес, ал номер бірінші америкалық Деметриус Андраде болды.
Одан бөлек, Қанат Ислам IBF бойынша 15-ші, WBA бойынша бесінші орында тұр.