Қанат Исламның чемпиондық атағына бұрынғы үміткермен жекпе-жегі әлемдік деңгейде мойындалмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 қаңтарда орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) британдық Джимми Келлиге (25-2, 10 КО) қарсы жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қанат Исламның чемпиондық атағына бұрынғы үміткермен жекпе-жегі әлемдік деңгейде мойындалмады

Олардың жекпе-жегі АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситидегі бокс кешінің басты оқиғасы болады. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 22 қаңтар күні таңертең өтеді.

Беделді BoxRec.com порталы «қазақтың» алдағы жекпе-жегіне өте қарапайым баға берді – бес жұлдыздың бір ғана жұлдызы. Қанаттың бұған дейін техникалық нокаутпен жеңген эквадорлық Джейсон Миндаға (14-5-1, 8 КО) қарсы ойыны да бір жұлдызды болды. BoxRec-тің Қытай Алтайының тумасына берген ең жоғары бағасы - үш жұлдыз.

Естеріңізге сала кетейік, Джимми Келли 2015 жылы өзінің отандасы Лиам Смит (30-3-1, 17 КО) иеленген бірінші орта санаттағы WBO әлем чемпионы атағына үміткер болған, бірақ мерзімінен бұрын жеңілген.