09:11, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Қанат Раманқұл Ақмола көлік прокуроры болып тағайындалды
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 11 ақпанында ҚР Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың бұйрығымен Қанат Зәкірханұлы Раманқұл Ақмола көлік прокуроры қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының сайтынан хабарланды.
Бұл прокуратураға Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарының аумағында орналасқан қадағалау мекемелері қарайды.