Қанат Саудабаев Испанияның сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратиноспен телефон арқылы сөйлесті

СТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Испанияның сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратиноспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Әңгімелесушілер Алматының түбінде шілденің 16-17-інде өткізілетін ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінің күн тәртібіне енгізіліп отырған мәселелерді талқылады. Министрлердің кездесуінің биылғы жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Ұйым саммитінің өткізілуіне дайындық аясында аса маңызды болып отырғаны да тілге тиек болды. Екі елдің сыртқы саясат ведомстволары басшыларының пікірінше, осындай жоғары деңгейлі кездесулер ЕҚЫҰ аясында диалогты одан әрі тереңдете түсуге, әсіресе Еуро-Атлантика мен Еуразиядағы қарым-қатынастар мен қауіпсіздікті нығайту мақсатында өз септігін тигізеді.

Сонымен қатар, әңгіме барысында екі жақты қарым-қатынастардың ахуалы мен болашағы талқыланып, олардың қарқынды әрі өзара тиімді бағытта дамып келе жатқандығы сөз болды. Әңгіме кезінде Қ.Саудабаев М.Моратиносты Испанияның Әлем чемпионатындағы жеңісімен де құттықтауды ұмытпады.

Соңғы жаңалықтар