Қанат Саудабаев Ресей, Литва, Ауғанстан сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат - Ағымдағы аптада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Ресей Федерациясы сыртқы істер ведомствосының басшысы Сергей Лавров, Литва сыртқы істер ведомствосының басшысы Вигаудас Ушацкас және Ауғанстан Ислам Республикасының сыртқы істер ведомствосының басшысы Рангин Дадфар Спантамен телефон арқылы сөйлесті,
None
None

деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сергей Лавровпен болған сұхбат барысында тараптар өткен жылғы қазақ-ресей екіжақты қатынастарына қанағатанатындықтарын білдірді. Тараптар 2010 жылғы екіжақты және халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты. Ресейлік министр қазақстандық әріптесін ЕҚЫҰ-дағы төрағалықтың басталуымен құттықтай отырып, жоғары да жауапты міндетті атқаруда табыстар тіледі.

Литвалық сыртқы істер ведомствосының басшысы да әріптесін төрағалық қызметке кірісуімен құттықтап, ЕҚЫҰ «үштігі» шеңберінде Вильнюс Астанамен тығыс серіктестік қатынастар орнатуға дайын екендігін білдірді.

Ауғанстан сытқы істер министрі Рангин Дадфар Спанта әңгімелесу барысында Президент Н. Назарбаевтың ауған проблемасы талқылануы мүмкін ЕҚЫҰ Саммитін өткізу туралы бастамасын қолдайтындығын жеткізді. Аталмыш бастаманы, «өзекті және өткізілуі қажет» дей отырып, Р. Спанта Ауғанстанға көрсеткен көмегі және мыңдаған жас ауғандықтардың біздің елімізде білім алып бейбіт мамандықтарды меңгерулеріне ықпал ететін білім бағдарламасы үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар