16:37, 29 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Қанат Шарлапаев тағы бір лауазымынан босатылды
АСТАНА. KAZINFORM — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді.

- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл – ауқат қоры» АҚ жалғыз акционерінің 2025 жылдың 25 қыркүйегіндегі шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, - делінген KASE ақпаратында.
Енгізілген өзгерісті ескере отырып, «Самұрық-Қазына» қоры Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады. Олардың қатарында Үкімет басшысы Олжас Бектенов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, сондай-ақ Болат Жәмішев бар.
Атап айтқанда, Қанат Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі болып 2025 жылдың 12 сәуірде сайланған еді.
Еске салсақ, жақында ол Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.