Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына өзгеріс енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасына өзгеріс енгізді. 

отандастар
Фото: www.gov.kz

Атап айтқанда, қандастарды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 3 033 адам болып бекітілді. Ал қоныс аударушыларды қабылдаудың биылғы өңірлік квотасының санында 6 450 адам белгіленді.

Шілде айының басында қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғаятыны хабарланған еді. 

Еске салсақ, қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құраған еді. 

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 758 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Соңғы жаңалықтар