Қандастарымыз қар мүсіндері халықаралық байқауында жүлделі орынға ие болды

Қытайдың Харбин қаласында өткен Қытай - Харбин халықаралық қардан жасалған үздік мүсіндердің байқауында Алтай командасы «Әйел. Өмір» деп аталатын туындысымен 3-орынды еншіледі. Бұл туралы Қытайдың ukilialtay ақпараттың порталы жазды, деп хабарлайды Kazinform. 

Қандастарымыз қар мүсіндер халықаралық байқауында жүлделі орынға ие болды
Фото: Жұмажан Бешенұлының жеке мұрағатынан

Бұл байқауға Ресей, Канада, Испания, Оңтүстік Корея, Үндістан және Моңғолия қатарлы 12 елден барлығы 29 команда қатысты. Жүзден астам қардан мүсін жасаушы шеберлер төрт күндік философиялық концепциялар, ұлттық мәдениет, гуманистік әдет-ғұрып, аймақтық ерекшеліктер және т.б. негізделген көркем шығармашылық қардан жасалған мүсіндік жұмыстарын ұсынды. Бас жүлдені Оңтүстік Кореядан келген команда жеңіп алды. 

Қандастарымыз қар мүсіндер халықаралық байқауында жүлделі орынға ие болды
Фото: Kazinform

Қытайлық БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, Қытайдың Харбин халықаралық қар мүсіндері байқауының негізі 1996 жылы қаланған. Бұл Харбин халықаралық мұз және қар фестивалінің маңызды шараларының бірі, сонымен қатар әлемдегі ең үлкен және ең ықпалды мұз бен қар мүсіндерінің байқауы болып саналады. Аталған байқау қазірге дейін 26 рет өткізілген. 

Жұмажан Бешенұлының жеке мұрағатынан
Фото: Жұмажан Бешенұлының жеке мұрағатынан

Байқауға қатысқан Алтай командасы құрамында Юань Вэнью, Жұмажан Бешенұлы, Серік Батың, Бәделхан Жанімхан сияқты төрт адам бар.

Команданың бас мүсіншісі Жұмажан Бешенұлы Қытайдың Алтай аймағы Шіңгіл ауданында дүниеге келген кәсіби суретші. Шыңжаң педагогикалық университетінің Бейнелеу өнері институтының бейнелеу өнері мамандығы бойынша бітірген. Шыңжаң және Алтай суретшілер одағының мүшесі.

Жұмажан Бешенұлының жеке мұрағатынан
Фото: Жұмажан Бешенұлының жеке мұрағатынан
қар
Фото: Жұмажан Бешенұлының жеке мұрағатынан

Видео: mp.weixin.qq.com

Соңғы жаңалықтар