Қандай бағыттағы жолдар жабық
АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылғы 15 желтоқсан сағат 18:30-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 9 облыстағы 18 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.
Ақмола облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы - Павлодар облысы шекарасына дейін);
- «Астана - Қарағанды - Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығы (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін);
- «Астана - Көкшетау - Петропавл - РФ шекарасы» автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін).
Ақтөбе облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 835-971 шақырым аралығында (Хромтау қаласынан Қарабұтақ ауылына дейін);
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Хоргос – ҚХР шекарасы» 1153–1240 шақырым арылығы (Ырғыз ауылы – Қызылорда облысының шекарасы);
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Хоргос – ҚХР шекарасы» 1153–1240 шақырым арылығы (Ырғыз ауылы – Қызылорда облысының шекарасы).
Қарағанды облысы:
- «Астана- Қарағанды- Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін);
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының, 231–324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы).
Қызылорда облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1474 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасынан Әйтеке би ауылына дейін).
Қостанай облысы:
- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
- «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-218 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Октябрьское ауылы);
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» 683-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы).
Павлодар облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасынан. – Шідерті ауылы);
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0- 231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысы шекарасы);
- «Астана-Шідерті-Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 0-152 шақырым аралығы (Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасы –Тоқсан би ауылы).
Қарағанды облысы:
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерты» 1067–1135 шақырым аралығы (Молодёжный ауылынан Павлодар облысы шекарасына дейін).
Абай облысы:
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласын айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар - РФ шекарасы (Үрлітөбе ө/п)» 587-733 шақырым аралығы (Павлодар облысы шекарасынан Семей қаласына дейін).
Жолды 2025 жылғы 16 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 807 арнайы техника мен 1668 маман жұмылдырылды.