Қандай дерті бар адамдар санаторий мен курортқа жіберілмейді

Жаңа өзгеріске сай, енді мына дерттері бар адамдар санаторий және курорттарға жіберілмейді:
- ІІІ дәрежелі дистрофия диагнозы қойылғандар;
- жүректің ауыр дерттері мен III дәрежелі және одан жоғары тыныс алу функциясының бұзылысы бар адамдар;
- улану, әртүрлі іріңді аурулары бар науқастар;
- декомпенсация сатысындағы аурулар, атап айтқанда түзетілмейтін метаболикалық аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз), бауырдың, ұйқы безінің ІІІ дәрежелі функциялық жеткіліксіздігі;
- терінің іріңді аурулары, терінің инфекциялық ауруларымен (қышыма, микоз аурулары және басқалар) ауыратындар;
- ІІ және ІІІ дәрежелі анемиямен сырқаттанғандар.
Айта кетейік, қолданыстағы талап бойынша аталған диагноздар санаторий және курорттық ем алуға қарсы көрсетілім ретінде саналмайды.
Бұйырықты ашық талқылау 5 сәуірге дейін жалғасады.