Қандай қаптамадағы тауар экспортқа өтеді?

АЛМАТЫ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қандай да бір тауарды экспортқа шығаруда ең алдымен оның сапасы емес тұтынушыға тартымдылығы маңызды рөл атқарады. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қандай қаптамадағы қазақстандық тауар кепілді түрде экспортқа кетеді?» деген тақырыптағы дөңгелек үстел мәжілісінде талқыланып жатыр.
None
None

«Бұл жиында әлемнің 54 еліне тауар сататын американдық кәсіпкер Джим Кригбаум өз тәжірибесімен бөліседі. Сату құпиясының қыр-сырын толық меңгерген білікті сарапшы біздің өндірісшілерге өз тауарын қалай қаптау, оның орамасы мен дизайнын және брендін қалай жасау керек екенін түсіндіреді», - дейді «Kaznex Invest» Экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігінің басқарушы директоры Ғазиза Шаханова. Оның айтуынша, бұған дейін мұндай шара Астана қаласында өткен. Енді ол Алматыда жалғасын тауып отыр. Оған бұл жолы сусын, ет, кондитер, балық, киім және тағы басқа да өндіріс салаларындағы 60 кәсіпорынның жетекшілері қатысуда. Ертең тренинг түріндегі бұл дөңгелек үстел жиыны Астанада да өтеді деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар