13:55, 13 Наурыз 2026 | GMT +5
Қандай жағдайда референдум өтпеді деп есептелінеді
АСТАНА. KAZINFORM — Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қандай жағдайда референдум өтпеді деп есептелінетінін айтты.
— Бәрі заңда көрсетілген, Конституцияда да бар. Негізі Конституция нормасына сүйенетін болсақ, тізімдегі сайлаушылардың 50 пайыздан астамы референдумға қатысуы керек және ол Конституция мәтініне қатысты болғаннан кейін қосымша талап та бар. Республикадағы өңірлердің кемінде үштен екісінде 50 пайыздан астам қатысушы келуі тиіс. Сонымен қатар дауыс берушілердің 50 пайыздан астамы қолдауы керек. Егер ондай болмайтын болса, онда референдум өтпеді, халық қолдамады деп есептелінеді, — деді Нұрлан Әбдіров.
Айта кетейік, референдум өткізуге үгіт кезінде Қазақстан заңнамасын бұзудың 54 дерегі анықталды.