«Қандыағаш-Ырғыз» тасжолының учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3 шақырымынан 92 шақырымға дейінгі учаскесінде барлық көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
"Күннің күрт жылынуынан қар жылдам еріп, су өткізгіш құбырларды шайып кету қаупі туындады. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық маңызы бар А-26 автожолының 3 шақырымынан 92 шақырымға дейінгі учаскесінде барлық көлік құралдары үшін қозғалыс тоқтатылды" делінген хабарламада.
Қазіргі таңда төтенше жағдайдың алдын алу үшін арнайы техникалар мен жұмыс бригадасы жұмылдырылды.