11:13, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Қанды майдан жорықтары жадымыздан өшпек емес - Қ.Орынбасаров, БҚО
ОРАЛ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қанды майдан жорықтары жадымыздан өшпек емес. Оны кейінгі ұрпаққа жеткізу - біздің парызымыз.

Бұл туралы Орал қаласында тұратын майдангер, журналистика ардагері Қосаман Орынбасаров мәлім етті.
«Таяуда батысқазақстандық майдангерлердің Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай өткен жылы Астана, Мәскеу және Киев қалаларына жасаған сапарлары жөнінде естелік кітапшаны жарыққа шығардым. Онда Мұқтар Әжіғұлов, Бисен Жұмағалиев, Николай Ветров, Мәжит Жаданов, Николай Плотников, Есмақ Молдашев, Лев Дорофеев сынды бір топ майдангердің жорық жолдары мен өмірдеректері баяндалады. Өзім ұзақ жыл облыстық «Орал өңірі» газетінде қызмет атқардым. Өткен жылы жеңіс мейрамына орай Киев қаласына барып қайттым. Бұл жинақтан жас ұрпақ біздің өткен жолымызды біле алады», деді Қ.Орынбасаров.