Қандыағаш көлік прокурорлары 1,2 млн. теңгеден астам қаржы ұрлау фактілерін анықтады

АҚТӨБЕ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қандыағаш көлік прокурорлары «ҚТЖ ҰК» АҚ-ның «Қандыағаш жол дистанциясы» филиалының жұмысында мазут сіңген жер қыртысын шығару және жоюға бөлінген ақшалай қаражаттарды ұрлау фактілерін анықтады.
None
None

Прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол дистанциясы қызметі мен «НК Сервис» ЖШС-нің арасында жасалған келісім-шарт бойынша, соңғысы Қандыағаш стансасының теміржол төсемінен мұнай өнімдерімен ласталған жалпы салмағы 75 тонна жер қыртысын көмуді жүзеге асырады.

Көрсетілген қызметтер үшін Қандыағаш жол дистанциясы «НК Сервис» ЖШС-не 2 млн. астам теңге көлеміндегі ақшалай қаражаттарды төледі.

Алайда, тексеріс көрсеткендей, Қандыағаш жол дистанциясының жұмыскерлері 45 тоннаны жою бойынша орындалған жұмыстардың актілерін жалған жасаған, осыған байланысты «НК Сервис» ЖШС-не 1,215 млн. теңге көлеміндегі аұшалай қаражаттар заңсыз аударылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, айыптау өкім шығарылды. «НК Сервис» ЖШС «ҚТЖ ҰК» АҚ-на 1 215 000 теңге көлеміндегі соманы төледі.

Соңғы жаңалықтар