Канело Головкинмен үшінші жекпе-жектің қандай жағдайда өтуі мүмкін екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен ықтимал үшінші жекпе-жегі екінші орта санатта ғана болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Трилогияның соңғы бөлімі 17 қыркүйекке жоспарланған. Бұған дейін Альварес 7 мамырда жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы ресейлік Дмитрий Биволды жеңуі керек.

«Мен орта салмаққа қайта түспеуім керек. Егер біздің жекпе-жек (Головкинмен) өтетін болса, ол екінші орта дивизионда болады», - деді Канело БАҚ-қа берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Головкин мен «Канелоның» алғашқы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары орта салмақта өткен болатын.

Нәтижесінде бірінші жекпе-жекте тең түсіп, екіншісінде төрешілердің шешімімен Альварес жеңімпаз деп танылған.


Соңғы жаңалықтар