Канело промоутерлік компаниясының матчмейкері Головкин - Джейкобс жекпе-жегіне болжам жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының матчмейкері Роберт Диас Геннадий Головкин  (36-0, 33 КО) мен  Дэниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО) алдағы жекпе-жегіне болжамын білдірді, деп хабарлады  Sports.kz.
None
None

- Бұл тартысты, қызықты айқас. Қазір Джейкобс Головкинмен жекпе-жекке шыққандардың ішіндегі үздік қарсылас. Ол Головкиннен қорықпайды, жеңу үшін рингке шығады. GGG мұндай үйлесімділікке әлі кезіккен емес. Джейкобс бокстаса алады, жылдамдығы, джебі, күші де жетерлік. Джейкобс жеңе ме, жеңілмей ме, ойын тең аяқтала ма, қалай болғанда да, ол чемпион болып қала береді. Егер жекпе-жектің қалай аяқталатынын болжасақ, GGG соңғы раундтарда алға ұмтылып, қуатты соққылар жасайды, сосын Джейкобстың бұрышқа тығылуымен айқас тоқтатылады. Меніңше тоғызыншы раундта техникалық нокаут болады», - деді Диас.

Соңғы жаңалықтар